Тікелей эфир

Тасқын су індет жұқтырған малдардың өлексесі көмілген қорымдарды шайып кетті

Қазіргі уақытта ветеринариялық қызметтер су тасқыны кезінде өлген жануарларды талапқа сай көму жұмыстарын жүргізуде.

Ведомствоның мәліметінше, аққан сумен араласқан ауру қоздырғыштарынан келер зиян жоқ, өйткені ауру су арқылы таралмайды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мұндай қорымдардың барлығы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай: бетондалған және қоршалған. Қазіргі уақытта ветеринариялық қызметтер су тасқыны кезінде өлген жануарларды талапқа сай көму жұмыстарын жүргізуде.

Тасқын тоқтаған соң, топырақтан сынамалар алынады. Ол үшін тиісті мамандар өңірлерге бармақ. Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 8 мал қорымы мен 14 сібір жарасы қорымын су басқан.


Оқи  отырыңыз: Қазақстанда 6 млрд теңгеге мал қорымдары салынады


«Мал қорымдары – жұқпалы емес аурулардан өлген жануарларды жоюға арналған нысандар. Яғни, ол нысандар су астында қалса да аса қауіпті инфекциялардың пайда болу мүмкін емес. Мұндай нысандардың барлығы да су тартылғанда тексерілетін болады. Су басқан аймақтарда сібір жарасына қарсы вакцинация жыл басынан бері жоспарлы түрде жүргізілуде. Эпизоотиялық қауіпсіздік мәселелері жергілікті атқарушы органдар мен министрліктің тұрақты бақылауында», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин.

Серіктестер жаңалықтары