Тікелей эфир

Ташкентте – "Түрлі түсті жаңбыр"

Өзбекстан астанасында қазақ суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр.

Ташкент фотосуреттер үйінде қазақ суретшілерінің "Түрлі түсті жаңбыр" атты тақырыбында кескіндеме және графика сызбаларының көрмесі болып жатыр, деп хабарлады UzA ақпараттық агенттігі.

Көрмеге Араншы Шаржанов, Сұлтан Ілияев, Насыр Рүстемов, Мұхтар Бекенов, Мәдина Мұхтарова сынды қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.


Оқи отырыңыз: Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылады


"Әрбір шығармада автордың дүниетанымы, оқиғаға көзқарасы, бейнелеу өнерін сүйер қауымға жеткізгісі келген ойлары бейнеленген. Шығарманың қандай стильде кескінделгеніне қарамастан, ол ең алдымен өзбек бейнелеу өнерін сүйер қауымға рухани дүниесін, туған жердің ортасының рухын жеткізетіндігімен ерекше" делінген агенттік хабарламасында. 

Фото: UzA ақпараттық агенттігі

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары