"Тәртіп сақшылары күн көрсетпей жатыр". Ақтөбеде көше саудагерлері мен билік арасында дау туындады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Саудагерлер ұсынылған орындарға барудан бас тартты.

Ақтөбеде орталық базар маңында сауда жасайтын кәсіпкерлер наразылық білдірді. Олардың айтуынша, тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, көше бойында сауда жасап отырғандарды жаппай қуып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Саудагерлердің сөзінше, бұл олардың негізгі табыс көзінен айырылуына әкелген. Көпшілігі ондаған жыл бойы осы жерде жұмыс істеп келеді. Олардың арасында жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған азаматтар да бар.

Кәсіпкерлер әкімдік ұсынған жаңа сауда орындарынан бас тартып жатыр. Олар ұсынылған орындардың жағдайы қолайсыз әрі сауда жасауға тиімсіз екенін айтады.

Ал қала әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, көше бойындағы заңсыз саудаға қатысты бірнеше рет түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қаладағы базарлардан ресми, жалдамалы орындар ұсынылған. Алайда көпшілігі ақылы сауда орындарына барудан бас тартқан.

Шенеуніктер заң талаптарына сәйкес жол жиегінде бейберекет сауда жасауға тыйым салынғанын атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай сауда қоғамдық тәртіпке қауіп төндіріп, қала көркіне кері әсер етеді. Сонымен қатар билік заңды түрде жұмыс істеп, салық төлейтін кәсіпкерлердің мүддесін қорғау маңызды екенін алға тартады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз