Матч 17-19 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.
Дүниежүзілік шахмат тарихында тұңғыш рет Қазақстан мен әлемнің әйелдер құрамалары арасындағы кездесу өтеді, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы.
Қазақстан әйелдер құрамасына Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова мен Зарина Нұрғалиева кірді. Құрама капитаны – әйелдер арасындағы гроссмейстер, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Ал әлем құрамасына гроссмейстер, ФИДЕ басқарушы директоры, Латвияның бұрынғы Экономика министрі, Қаржы министрі Дана Рейзнице-Озола жетекшілік етсе, командада Хоу Ифань, Нана Дзагнидзе, Харика Дронавалли, Гүнай Мамедзаде, Нұргүл Салимова, Жока Гаал, Шри Б.Савита және Афруз Хамдамова ойнайды.
Оқи отырыңыз: Дәрмен Сәдуақасов: 50-ден астам жасөспірімге стипендия, 7 шахматшыға грант беріледі

Бұл матчтың тарихи ерекшелігі – әйелдер арасында бір ел мен әлем құрамаларының алғашқы кездесуі. Бұған дейін мұндай матчтар тек ерлер арасында болған.
"Оның алғашқысы 1970 жылы Белградта КСРО және әлемнің басқа елдерінің құрама командалары арасында болды. Содан кейін бұл шара "Ғасыр кездесуі" деп аталды. Ал Астанадағы матч әйелдер құрамалары арасындағы тұңғыш кездесу ретінде тарихта қалмақ", – делінген Қазақстан шахмат федерациясының хабарламасында.
Матч 17-19 сәуір күндері Астанада өтеді. Алғашқы екі күнде қатысушылар рапид, ал үшінші күні блиц ойындарына қатысады. Тарихи шара Астана халықаралық қаржы орталығының ғимаратында болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
297
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
279
-
0
-
0
-