Тікелей эфир

Таразда оқу жылының ортасында жекеменшік мектеп жабылды

Белгілі болғандай номері 140-шы Инноверс мектебі бала қабылдауға ешқандай құжаты болмаған.

Таразда оқу жылының ортасында жекеменшік мектеп жабылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ал бір ғана тоқсан білім алған оқушылары далада қалғандай күй кешен. Өйткені мектептің лецензиясы болмаса да үш ай бойы бала оқытып келген.

Ендігі жерде ата-ана 250-ге жуық ұл-қызды ешқандай білім ұясы қабылдамайды деп шыр-пыр болды. Өйткені бірде-бір бала арнайы базада тіркелмеген екен.

"Мектеп деп бізді алдап отыр ғой. Шын мәнінде орталық болып келіп тұр ғой. 14 қазан күні ол нәрсе айтылғанда, біз мектепке кетіп, қазір табелімізді алып, лицензиясы бар мектепте отыратын едік. Мектепке алмайды. Өйткені енді табель жоқ. Бірінші тоқсан бітті. Табельді бұл кісілер бере алмайды. Себебі, лицензиясы жоқ. Заңсыз!", – дейді Тараз қаласының тұрғыны Айсұлу Алтаева.

Ата-аналар жарнамасы жер жарған жекеменшік мектеп өкілдері жер сипатып кетеріне сенбепті. Білімге емес бизнеске бас ауыртатын басшылық бізді алдап соқты дейді.

Жеңілдік бар деп ай бұрын оқу ақшасын жинап алыпты. Жаңа оқу жылында жаппай бала қабылдаған мектептің жымысқы әрекеті ата-аналардың күдігін әлдеқашан тудырған екен.

"Білім бөлімі қазргі таңда мемлекеттік балабақшамен мектептермен біз толықтай 100 пайыз жауап бере аламыз. Жекеменшік мектептер мен балабақшалар қазіргі таңда Астанадағы республикалық қаржы орталығымен қаржыландырады. Бұл жеке мектептер. Сол себептен біздің көп нәрсеге араласа алмайтынымыз осылай тыс қалып қалатын себебі болып отыр", – деді Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова.

Белгілі болғандай номері 140-шы Инноверс мектебі бала қабылдауға ешқандай құжаты болмаған. Бірақ не білім не құзырлы органдардың көзіне ілінбей көлеңкелі кәсіптің көрігін қыздырған. Ал қалалық білім бөлімінің басшылары қарап отырмаймыз дейді. Қазір мұндағы оқушыларды қалаған мектептеріне жайғастыруға күш салмақ.

Серіктестер жаңалықтары