USD: 492.5 / 495.5
  • EUR: 572.0 / 577.0
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Тараз – Шымкент тас жолында жылдамдық шегі сағатына 120 км боп өзгерді. Камералар орташа жылдамдықты тіркей ме

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Тас жол бойынша Sergek камераларымен қатар ҚазАвтоЖолдың камералары да орнатылған.

2026 жылғы 19 мамырдан бастап халықаралық Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассасының ақылы Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент жол бөлігінде жылдамдық шегі сағатына 120 шақырым болып өзгеруіне байланысты орташа жылдамдық тіркелмейді. 

Бұл туралы Kolesa.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады. 

Басқарма бұл шешімді жүргізушілердің өтінішін ескере отырып қабылдаған. Бұл бөлікте көлік көп жүретіндіктен, жаңа жылдамдық режимі жолдың өткізу қабілетін арттырады. 

"Сондықтан жылдамдықты сағатына 110 шақырымнан асырғаны үшін салынған айыппұлға "ҚазАвтоЖол" ҰК емес, жергілікті атқарушы органдар жауапты", – делінген компания жауабында. 

Аталған трассада ұлттық компанияның камераларынан бөлек, жылдамдық тіркейтін Sergek кешендері бар. Олар жол белгілеріне мән бермейтін жүргізушілерге айыппұл жазады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз