Танымал суретші Қайырбай Зәкіров дүниеден өтті

Оның демі 80 жасқа қараған шағында үзілді.

Танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қайырбай Зәкіров дүниеден өтті, деп хабарлады одақтың баспасөз қызметі. 

Қайырбай Зәкіров

Қайырбай Зәкіров 1945 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Ол "Құс жолы", "Көкжиек", "Айтматовты оқығанда" және тағы басқа туындыларымен көпке танымал. 

Суретшінің еңбектері Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, сондай-ақ Ресей, Еуропа, Жапония, Йемен, Франция, АҚШ және Қазақстандағы жеке коллекциялар мен галереяларда сақталған.

Қайырбай Зәкіров Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі (2006), Қызылордадағы "Болашақ" университетінің құрметті профессоры (2008) атақтарына ие болған. Сондай-ақ ол ҚР Президентінің стипендиаты (1996), Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты (2008) және республикалық "Қазақстан" телерадиокорпорациясының "Алтын адам" номинациясының "Самғау" медалімен марапатталған.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау