Белгілі спорт журналисі әрі комментаторы Ғалым Сүлеймен дүниеден өтті. Қаралы хабарды спорт журналистері таратты.
Мәліметке сәйкес, ол ауыр жағдайда аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде көз жұмған. Әзірге жүрегінің тоқтап қалғаны белгілі.
Ғалым Сүлеймен 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған.
1996-2004 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің спорт шолушысы болып қызмет атқарса, 2004 жылдан бастап "Спорт KZ" газетінің бас редакторы болды.
Спорт журналистикасы саласында Нагано, Сидней, Ванкувер және Лондон Олимпиадаларынан, сондай-ақ бокс, күрес, ауыр атлетика бойынша әлем және Азия чемпионаттарынан тікелей репортаждар мен талдамалық мақалалар жазған.
ҚР Президенті сыйлығы стипендиясының иегері атанып, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты болды.