USDUSD: 502.5 / 505.1
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Танымал маркетплейс Қазақстанда киім ақысын кейін төлем қызметін іске қосты

Фото: Ozon Қазақстан
Фото: Ozon Қазақстан
Кейін төлеу қызметі 15 миллионнан астам тауарға қолданылады, ал базалық лимит 100 мың теңгеге тең.

Ozon Қазақстан сатып алушылар үшін кейін төлеу қызметін іске қосты. Енді қазақстандықтар Fashion санатындағы тауарлардың көпшілігін тапсырыс беру пункттерінде киіп-өлшеп көргеннен кейін төлей алады. Жаңа қызмет клиенттердің тәжірибесін едәуір жақсартып, тапсырыстардың артуына әкеледі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

"Кейін төлеу қызметі Қазақстан тұрғындарына қолжетімді және тауарларды Ozon пункттерінен тапсырыс беру кезінде қолданылады. Жаңа қызмет киім, аяқ киім және кейбір керек-жарақтарды: бас киім, қолғап, белдік, галстук, әйел сөмкелері, ерлерге арналған барсеткалар және басқа да тауарларды қоса алғанда, Fashion санатының 80 пайызына дейін қамтитын арнайы "Алғаннан кейін төлеу" белгісі бар тауарларға таралады. Жалпы, кейінгі төлем қызметі 15 миллионнан астам тауарға қолданылады", – делінген компания хабарламасында. 

Кейін төлеу қызметін пайдалану үшін, республика тұрғындары тапсырыс беру кезінде "Алғаннан кейін төлеу" әдісін таңдап, банк картасын көрсетуі қажет: қаражат тапсырыс беру пунктінде тауарды сатып алу расталғаннан кейін ғана есептен шығарылады. Тапсырыста кейінгі төлем санатындағы тауарлармен бірге басқа да тауарлар болған жағдайда, олар бөлек төленеді: алдын ала төлем жүйесі бар тауарлардың құны бірден есептен шығарылады, ал кейінгі төлем қызметі тапсырысты алғаннан кейін жүзеге асады. 

Кейінгі төлем қызметінің базалық лимиті 100 мың теңгені құрайды және сатып алынған әрбір тапсырыспен ұлғайып отырады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары