USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Таңбалау тізімі кеңейді: сыра, мотор майы және киік мүйізі бақылауға алынады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазақстанда киік мүйізін таңбалау міндетті болды.

Қазақстанда міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізімі кеңейді. Енді киік мүйізін сататын кәсіпкерлер өнімді арнайы таңбалап, оны ақпараттық жүйеде тіркеуге міндетті болады, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

Министрлік тізімге төрт жаңа тауар тобын енгізді: сыра өнімдері, мотор майлары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары және киік мүйізі.

Министрліктің мәліметінше, таңбалау жүйесі тауардың өндірілген сәтінен бастап тұтынушыға дейінгі барлық жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі айналымды азайтып, контрафактілік өнімнің таралуына тосқауыл қояды.

Киік мүйіздерін таңбалау 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі. Бұл шара киік мүйізінің нақты қайдан алынғанын анықтауға, заңсыз саудаға жол бермеуге және ресми қорларды тиімді бақылауға бағытталған. Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл браконьерлікпен күресті күшейтеді.

Сонымен қатар сыра өнімдері мен мотор майлары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жатады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау