Тамызда Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Елде көкөніс арзандап, азық-түлік бағасы төмендеді.

Тамыз айы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының төмендеуімен аяқталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. 

"Соңғы аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) баға индексі 100,0%-ды құрады. Тамыз айының басынан бері өнімдер бағасы 0,2%-ға төмендеген. Жыл басынан бері ӘМАТ индексі 101,4% болды. Салыстыру үшін, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 107,9%-ға жеткен. Осылайша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі ең төмен деңгейде қалып отыр. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда баға өсімі 5 еседен астам төмендеген", – делінген хабарламада. 

Министрлік қазіргі оң динамикаға жаңа өнімнің маусымдық түсуі ықпал етіп отырғанын атап өтті. Әсіресе көкөніс өнімдері бағасының арзандауы жалпы көрсеткішті тұрақтандырып, жекелеген тауарлар бойынша болған қымбаттаудың орнын толтыруға мүмкіндік берген.

ӘМАТ бағасындағы оң өзгеріс азық-түлік инфляциясынан да байқалады. Оның жылдық деңгейі өткен жылғы желтоқсандағы 13,5%-дан шілде қорытындысы бойынша 10,1%-ға дейін төмендеген.

Бұл ретте бағаны тұрақтандыру жұмысы тек маусымдық факторлармен шектелмейді. Негізгі назар өнімдердің түпкілікті құнына тікелей әсер ететін делдалдар, нарықтар, көлік шығындары және өндірушілердің босату бағаларына аударылып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау