Тікелей эфир

Тамыз айында коронавирус жұқтырғандар саны артады – Айжан Есмағамбетова

Пессимистік сценарий бойынша тамыз айында бір тәулікте төрт мыңға жуық адамнан коронавирус анықталуы мүмкін.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қыркүйекке дейінгі болжамын айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, біз ай сайын болжамды жаңартып отырамыз. Алдағы үш айда пессимистік сценарий бойынша тамыз айында бір тәулікте –  төрт мыңға жуық адамнан, "реалистік сценарий"  бойынша күніне – 2400 адамнан, оптимистік сценарий бойынша күніне 1000 адамнан коронавирус анықталуы мүмкін", – деді бас санитарлық дәрігер.

  • Пессимистік сценарий бойынша шілдеде тәулігіне орташа есеппен – 1250, тамызда – 4000 және қыркүйекте – 550 жағдай тіркелуі мүмкін.
  • "Реалистік сценарий" бойынша шілдеде күніне – 750 жағдайға дейін, тамызда – 2400 жағдайға дейін және қыркүйекте 350 жағдай тіркелуі мүмкін.
  • Оптимистік сценарий бойынша шілдеде орташа есеппен 470 жағдайдан аспайды, тамызда – 1000-ға дейін және қыркүйекте – күніне 350 жағдайға дейін.

Оқи отырыңыз: Маймыл шешегіне қарсы вакцина салдыру міндетті бола ма?

Серіктестер жаңалықтары