Тамызда Қазақстан азаматтары Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша бір күн демалуға мүмкіндік болады. 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады. Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз — жұмада демалады.
Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары тамызда небәрі 5 күн демалады.
Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі:
4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) — Көлік қызметкерлері күні;
10 тамыз — Абай күні;
11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
18 тамыз — Шекарашылар күні;
25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) — Шахтерлер күні;
29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.