Тікелей эфир

Таиланд туризмді дамыту үшін алкоголь салығын төмендетуге шешім қабылдады

Бір жылға импорттық баж салығы жойылады.

Таиландтың министрлер кабинеті туризмді дамыту үшін алкогольдік сусындарға салықты азайтуды мақұлдады, деп хабарлайды Bangkokpost.com.

шенеуніктердің айтуынша, қазіргі уақытта 54 және 60 пайызға бағаланған шарап импортына баж салығы бір жылға алынып тасталады.

Үкімет өкілі Чай Вачаронке журналистерге Шағын өндірушілерге көмектесу үшін шарапқа акциз 10 пайыздан 5 пайызға дейін және жергілікті спирттік ішімдіктерге 10 пайыздан нөлге дейін төмендетілетінін айтты. Билік акциз салығынан болатын шығын туристік шығындардың артуы есебінен өтеледі деп күтуде.


Оқи отырыңыз: Дененің ісінуі, шаштың түсуі және ұйқысыздықтың себебі не? Фармацевт-нутрициолог түсіндірді


 

Серіктестер жаңалықтары