Тікелей эфир

Тағамды суретке түсіруде қандай талғам керек?

Алматыда танымал фуд-блогер журналистерге смартфонмен тағамдық контент жасауды үйретті.

Алматыда журналистер мен блогерлер қауымына арналған ерекше мастер-класс өтіп, онда фуд-блогер Полина Льдокова тағамды дұрыс суретке түсіру тәсілдерін үйретті. Шара жаңа Huawei nova Y90 смартфонының таныстырылымына орай ұйымдастырылды.

Шара аясында журналистер мен блогерлер танымал аспаздар Андрей Мокич және Кирилл Суровпен бірге түрлі ас әзірлесе, оларға Полина Льдокова тағамды смартфон арқылы таспалау жолдарын көрсетті. Жаңа смартфон жасанды интеллектісі бар 50 мегапиксельді үштік камерамен жабдықталған.

Ас әзірлеу сәті

Оның экранында бір уақытта алдыңғы және артқы камера кескіндерін көрсететін бейнені қатарлап түсіру мүмкіндігі бар. Сәйкесінше, бұл мүмкіндікті үйде ас пісіру сабақтары мен влогтар үшін қуатты бейне құралы ретінде де пайдалануға болады.

Сондай-ақ, телефон Super Night Mode тәртібімен жабдықталған, ол көптеген егжей-тегжейлермен жоғары сапалы суретті қамтамасыз ететін жарқын және айқын түнгі суреттерді шығарады. Бұл тәртіпте шуды азайту, түнгі көріністердің фотосуреттерінің тұрақтылығы мен айқындылығын арттыру, пайдаланушыларды түнгі көріністерді түсіруге мамандандырылған кәсіби фотографтарға айналдыру үшін жасанды интеллектпен көп кадрлық шуды жою алгоритмі қолданылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары