Тікелей эфир

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85 пайызы көпбалалы отбасында тұрады

Республика бойынша тек 2 өңірде кедейлік деңгейі өткен жылға қарағанда айтарлықтай өскен.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85%-ы – үлкен және көп балалы отбасынан шыққандар. Ал ең кедей өңірлер – Түркістан мен Ақмола облысы, Шымкент.

2021 жылдың ІІ тоқсанында табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын қазақстандықтар 4,8%-ды құрады. Қалаға қарағанда ауылда тұрмысы нашар отбасылар көбірек. Біріншісінде – 3,4%, ал екіншісінде – 6,8%. Ал 2019 жылы қаладағы кедей тұрғындар үлесі – 4,2% болса, ауылда – 7,8%.

Табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар келесі өңірлерде көбірек қоныстанған:

  • Түркістан облысы – 10,5%;
  • Ақмола облысы – 6,6%
  • Шымкент – 5,6%.

Өткен жылмен салыстырғанда Түркістан облысында жағдай жақсарып, кедейлік шегі 2,3 пайыздық пунктіге дейін төмендеді. Бұдан өзге Солтүстік Қазақстан облысында кедейлік шегі 2,5 пайыздық пунктіге, 4,9%-ға дейін түсті.

Республика бойынша, тек 2 өңірде кедейлік деңгейі өткен жылға қарағанда айтарлықтай өскен:

  • Маңғыстау облысы – 1,1 пайыздық пункт, 5,4%-ға дейін;
  • Елордада – 0,5 пайыздық пункт, 1,9%-ға дейін.

Көбінесе 5 адамнан артық үй шаруашылықтарының табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мұндай 761,9 мың адам бар.

  • 99,4 мың жан – 4 адамнан құралған;
  • 38,9 мың – 3 адамнан;
  • 8,3 мың – 2 адамнан;
  • 794 жан бір адамнан құралған шаруашылықта тұрады.

Жалпы 909,3 мың адам табысы төмен шаруашылықта тұрып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары