Тікелей эфир

Табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлеріне үстемақы төленеді

Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің штаттық қызметкерлері, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың, балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыру жөніндегі өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының инспекторларына үстемақы беру туралы үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 

"Осы мәселені шешу мақсатында министрлік орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыс берушілерімен кәсіптік одақтарының өкілдерімен бірлесіп, бюджет қаражатын үнемдеу және тауарларды өткізу есебінен штатқа кіретін әкімшілік қызметшілер мен табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс жұмыскерлері үшін жалақыны ұлғайту мүмкіндігін көздейтін салалық келісім жасасты. (2023 жылғы 1 шілдеден бастап 70 пайызға, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 85 пайызға және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 пайызға)", – делінген министрлік хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Алматыда хайуанаттар бағы, цирк және театр қызметкерлерінің жалақысы 30% өседі


Қазіргі уақытта штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерді және табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерін үстемеақымен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен пысықталуда.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары