Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Аралдың құрғаған жерлеріне орман егетін орталық құрылатынын айтты. Ол Астанадағы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бесінші отырысында Орталық Азия елдеріндегі құрғақшылық мәселесін көтерді.
Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер, яғни ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь, Үндістан, Иран делегациясы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты министрлері мен ведомство басшылары бас қосты.
Мемлекеттер өкілдері экология жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.
Оқи отырыңыз: Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады
ШЫҰ мемлекеттерінің үкіметтері арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданып, оған қол қою ұсынылды.
"ШЫҰ-ға мүше елдердің қолдан орман жасау саласындағы озық тәжірибесін ескере отырып, Аралдың құрғаған түбін және шөлейт аймақтарын ормандандыру жөніндегі халықаралық орталық құруды ұсындық. Орталық Азия елдерінен келген әріптестеріміз ұсынысымызды қолдады. Болашақта осы бағытта жұмыс істейміз", – деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.