Тікелей эфир

Шымкенттің жолы сын көтермейді. Сарапшылар оның себептерін атады

Шымкентте жарты жыл ішінде асфальт жабынында 136 кемшілік анықталды.

Шымкент қаласының жол активтерінің сапасы жөніндегі орталығы қаладағы 200 шақырымнан астам жол тексерілгенін хабарлады. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Мамандар кемшіліктерді көрсеткеннен кейін 800 шаршы метр асфальт қайта жөнделді. Орталық өкілдерінің айтуынша, мұндай олқылықтар бірінші кезекте кадр тапшылығынан: білікті маркшейдерлердің, картографтардың және инженерлердің аздығынан туындайды.

"Су құбыры жолдың ортасында. Ұңғымалар деңгейден  жоғары немесе төмен. Бұл олқылықар түзетілді. Асфальттың сапасыздығынан жол жабыны жарылып-жарылып кеткен. Әлеуметтік желілердегі сын осыған қатысты айтылып жатыр. Кемшіліктердің барлығы маман тапшылығы салдарынан болуда", – дейді жол активтерінің сапасы жөніндегі орталық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы әл-Фараби даңғылында уақытша кері және екі жолақты қозғалыс болады.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары