
Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 2021 жылы басталған.
Құрылыс жұмыстарын аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі болады. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады.
Екі ірі магистралды жолдың қиылысындағы жолайрық құрылысы Қазақстанның үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласының тұрғындары мен көлік жүргізушілері үшін аса маңызды нысан. Өйткені, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесі – қаланың оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын жалғастыратын негізгі магистралды күре жолдары.
Мамандардың айтуынша, жолайрық пайдалануға берілгеннен кейін ол аталған көшелердегі көлік өткізгіштік қабілетін арттырады.
Мысалы, 2016 жылы жасалынған өлшеулерге сәйкес, аталған қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалу жиілігі тәулігіне 24,3 мың, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке көбейген. Арғынбеков көшесі бойынша тәулігіне 22,6 мың, 2019 жылы 31,9 мың көлікке артқан.
Жолайрық құрылысын пайдалануға берген жағдайда Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі 60 мың авто/тәулікке, Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың авто/ тәулікке артады.
Еске салайық, қазан айының басында жұмыс барысының кезеңдік кестелерге сәйкестігі мен сапасын тексеру мақсатында шаhар басшысы Мұрат Әйтенов құрылыс нысанын аралаған болатын. Қала әкімі бірқатар ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысан сапасының маңыздылығын атап өтті.
Жолайрықтың техникалық сипаттамасына сәйкес, "Бәйдібек би" даңғылында 700 м., "Арғынбеков" көшесінде 921 м. көше аралығында құрылыс жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер жолағы және веложол төселеді деген жоспар бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
235
-
0
-
6
-
-
2⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
225
-
0
-
1
-
-
3📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
207
-
0
-
0
-
-
4🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
209
-
0
-
2
-
-
5"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтің Бас Прокурор Берік Асыловқа Павлодар облысының фермерлеріне асылтұқымды малды шетелден жеткізу кезіндегі құқықбұзушылықтар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
-
194
-
0
-
1
-
-
6🏒 Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті
-
187
-
0
-
0
-
-
7Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып қайта сайланды
-
200
-
0
-
0
-