
Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.
– 2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер, – деді шаһар басшысы.
Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме "ГХ Шымкентгаз" ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды
-
249
-
0
-
0
-
-
2🇰🇿 🏒 «Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті
-
232
-
0
-
2
-
-
3😨 Хамас содырлары Иерусалимде атыс жасады
-
226
-
0
-
0
-
-
4🔹 Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды
-
223
-
0
-
0
-
-
5💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
219
-
0
-
0
-
-
6Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді
-
201
-
0
-
1
-
-
7«АрселорМиттал Теміртау» цехында аспалы кран құлады: зардап шеккендер жоқ
-
199
-
0
-
0
-