Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. Бұл аптада "Өнегелі ұрпақ" науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі әл-Фараби ауданына қарасты "Достық ауласында" ұйымдастырылды. Қазыбек би, 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және ардагерлер көп. Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шараға 10-нан аса техника мен 200-ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты.
"Таза Қазақстан" акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек", – деді қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова.
Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек.