USDUSD: 505.5 / 509.5
  • EUREUR: 521.0 / 526.0
  • RUBRUB: 5.25 / 5.37
Тікелей эфир
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -13°C Астана
  • +1°C Ақтау
  • -7°C Ақтөбе
  • -2°C Атырау
  • -11°C Балқаш
  • -8°C Жезқазған
  • -12°C Қарағанды
  • -9°C Көкшетау
  • -9°C Қостанай
  • 0°C Қызылорда
  • -8°C Павлодар
  • -8°C Петропавл
  • -6°C Семей
  • -3°C Талдықорған
  • +0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -8°C Орал
  • -4°C Өскемен
  • 0°C Шымкент
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -13°C Астана
  • +1°C Ақтау
  • -7°C Ақтөбе
  • -2°C Атырау
  • -11°C Балқаш
  • -8°C Жезқазған
  • -12°C Қарағанды
  • -9°C Көкшетау
  • -9°C Қостанай
  • 0°C Қызылорда
  • -8°C Павлодар
  • -8°C Петропавл
  • -6°C Семей
  • -3°C Талдықорған
  • +0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -8°C Орал
  • -4°C Өскемен
  • 0°C Шымкент

Шымкенттегі зират маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған бірнеше қару табылды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Төрт тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленді.

Полиция қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды анықтау және тәркілеу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.

"Жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған болатын. Бұл ретте кейінгі үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан астам оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Сонымен қатар қару жасырылған 722 орын табылды. Бүгінгі таңда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалды. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана жойып, өшіріп тастағанына байланысты қазіргі уақытта олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", – деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

Биыл қаңтар айында Шымкент қаласының шетінде зират маңынан қару жасырылған орын табылып, төрт тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленді. Олардың ішінде Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да бар. 

Қостанай облысында бұрын сотталған жергілікті тұрғынның жертөлесінен үш калашников автоматы табылып, тәркіленді. 

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктестер жаңалықтары