USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Шымкентте жастар темір торда жазасын өтеп жатқан замандастарымен жүздесті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Есірткі үшін сотталған жастар оқушыларға ескерту жасады.

Шымкентте жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында ерекше кездесу ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мен студенттер темір торда жазасын өтеп жатқан замандастарымен жүздесіп, олардың тағдырынан сабақ алды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Іс-шара "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Шымкент қаласының білім басқармасы өкілдері жастарға есірткі тасымалы мен жеңіл ақшаға қызығудың салдары ауыр екенін түсіндірді.

Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов жастарды әр қадамын ойланып жасауға шақырды.

"Оңай ақша бар жерде жақсылық жоқ. "Бір рет істеймін де қоямын" деген ойдың соңы өкінішке әкелуі мүмкін", – деді ол.

Кездесуде ұрлық пен есірткі қылмысы үшін сотталған жастар өз оқиғаларын айтып берген. Олардың кейбірі 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Қуандық Айтбайұлы мұндай кездесулердің мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу екенін атап өтті.

Прокурорлардың айтуынша, есірткі тасымалдаушылар көбіне мектеп оқушылары мен студенттерді нысанаға алады. Себебі олардың сеніміне кіру және алдап соғу оңайырақ. Алайда заң алдында ешкім жауапкершіліктен босатылмайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз