ІІМ қызметкерлері Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттерге күдікті ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған.
Ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан. Түрлі сылтаулармен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда, сондай-ақ ер адамның басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде", – делінген хабарламада.
Ақтөбеде "15 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатысқа түсті" деген күдікпен 22 жастағы жігіт тергеліп жатыр
Бір жылда балаларға қатысты жыныстық қылмыс саны 17,9 пайызға азайды