Тікелей эфир

Шымкентте субсидия алмаған шаруалар көкөніс бағасын 30% көтеруге мәжбүр

Шаруа қожалық иелері субсидия алуға өтініш беретін сайт істемейтінін айтып отыр.

Шымкентте көкөністердің көтерме бағасы 30 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Оған шаруа қожалықтарының әлі мемлекеттік субсидия алмауы және қияр мен қызанақ егуге көбірек қаражат салуға мәжбүр болуы себеп, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Мәртөбе тұрғын алабындағы алты шаруа субсидия алуға байланысты қиындыққа тап болған. Осы маусымда қызанақ пен қияр өсіретін ірі жылыжайлар көкөністерге арналған тыңайтқыштарды сатып алуға қаржы алмаған. Мемлекет бұл шығындардың 30 пайызын, кей жағдайда 50 пайызын жабады.


Оқи отырыңыз: "Азық-түлік бағасына аса әсер етпейді". Жұманғарин жанар-жағармай бағасының қымбаттауы туралы


Жылыжай иелері жаңа "Госагро" сайтында субсидия алуға өтініш бере алмайтынына шағымданып отыр. Порталдың жұмыс істемеуі егіннің өзіндік құнына әсер етуі мүмкін, дейді шаруалар.

"Тиісінше, өнімді өндіру бағасын көтеруіміз керек. Бірақ біз бағаны көтере алмаймыз, өйткені Өзбекстан, Түркіменстаннан жергілікті нарыққа кіріп, бағаны төмендететін бәсекелестер бар", – деді шаруа қожалық басшысы Фаррух Ифтихари.

Оның айтуынша, жергілікті жылыжайда өсетін қиярдың бір келісі – шамамен 300-350 теңге. Мемлекеттік қолдау болмаса көкөністер 500 теңгеге дейін қымбаттайды. 

Ауыл шаруашылығы басқармасы қаржыландыруға қатысты проблемалар өтініш қабылдайтын жаңа сайттағы ақауларға байланысты туындағанын айтып отыр. Бір аптаның ішінде ақауларды жойып, жылыжай шығындарының орнын толтырамыз деп уәде берді. 

"Қазір субсидия алмағандар жыл соңына дейін өсімдік шаруашылығын дамыту үшін тыңайтқыштарға субсидия алады", – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Алтынбек Сұлтанмұрат.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік азық-түлік тауарларына не жатады және олардың бағасы қалай өзгерді?


Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялардың кешігуінің тағы бір себебі бар, дейді. Олардың айтуынша, Шымкенттегі ауыл шаруашылығы басқармасы қаржыландырылатын тыңайтқыштардың тізімі мен нормативтері бойынша әлі шешім шығармаған. 

"Алдағы күндері нақты шешім қабылдайды. Олар мақұлданғаннан кейін дереу субсидия беру басталады. Яғни, мәселе осы ғана", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Дамир Егізбаев. 

Осы маусымда жергілікті жылыжай көкөністерінің құны айтарлықтай өскен. Жылыжай қауымдастығы орташа өсім 20-30 пайызға жетті, дейді. Көкөністердің қымбаттауына қыста оңтүстікте болған қатты аяз бен сол кездегі көмір тапшылығы себеп болған.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары