Тікелей эфир

Шымкентте қоғамдық көлікпен жүру ақысы өседі

Енді электронды төлем 100 теңге болса, қолма-қол төлем 200 теңгені құрайды.

Шымкент тұрғындары қоғамдық көлікпен қызметі үшін енді артығырақ ақша төлейді. Қызмет ақысын өсіру туралы қала әкімі қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін жарияланды.

Оған сәйкес, жол ақысын электронды түрде жасау кезінде төлемақы 100 теңгені құрайтын болса, қолма-қол төлем 200 теңгені құрамақ. 

Шымкентте жолақы өсетінін бұған дейін де белгілі болған. Қалалық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасы қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын жаппайтынын, соған сәйкес қалалық бюджетке салмақ салып отырғанын хабарлаған болатын. Басқарма мамандары баға биылғы наурыз не сәуір айында өсетінін айтқан еді. 

Жолақының өсуіне орай, қала әкімдігі жолаушылардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселесін қарастырып отыр. 

Еске салайық, бұған дейін Астана қаласында да жолақы құны өсетінін хабарлағанбыз. 


Оқи отырыңыз: Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы өседі


 

Серіктестер жаңалықтары