Тікелей эфир

Шымкентте қалыңдық ұрлаған ер адам сотталды

Ол Instagram желісінде бір қызбен танысып, одан кейін Жаңаөзеннен Шымкентке келіп, оны алып қашқан.

Шымкентте қызды үйлену мақсатында ұрлап кеткен Жаңаөзен тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, ер адам бойжеткенмен Instagram желісінде танысып, содан кейін Жаңаөзеннен Шымкентке келіп, оны Байтұрсынов көшесінде алып қашқан. Сосын онымен бірге Маңғыстау облысына барған.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда бойжеткен ер адамды кешіріп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрап, оны қорғаушы тарап қолдады.


Оқи отырыңыз: “Ауа райы бөгет болды”: Астанада азамат сүйіктісін алып қашпақ болды


Сот жазасын жеңілдететін мән-жайларды, ер адамның соттылығының жоқтығын және жәбірленушінің өтінішін ескере отырып, Жаңаөзен тұрғынын шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктестер жаңалықтары