Шымкентте қалалық "Мерейлі отбасы – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Жеңімпаздарға сыйлық кәделері табысталды.

Шымкентте "Мерейлі отбасы – 2026" ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды. "Көрме" орталығында өткен марапаттау рәсімінде бес ауданнан іріктелген 12 отбасыға құрмет көрсетілді. Жеңімпаздарға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек салтанатты жағдайда марапаттарын табыс етті.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл байқауға қаланың бес ауданынан 48 отбасы өтінім берген. Екі айға жуық уақытқа созылған іріктеу барысында отбасылардың білім, ғылым, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы жетістіктері ескерілді. Қалалық кезеңнің жүлде қоры 2,9 млн теңгені құрады.

Байқаудың басты жүлдесін Абай ауданының Қожамжаровтар әулеті иеленіп, 1 млн теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды. Отбасы тәрбиесі мен білім саласына ерекше мән беріп келеді.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Әулет басшысы Сейдахмет Қожамжаров ұзақ жылдар бойы педагог болып еңбек еткен. Жұбайы Зылиха Пернебековамен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірген. Олардың барлығы жоғары білім алған. Бүгінде әулеттің бірнеше буыны білім беру, ғылым, медицина, психология, өнер, спорт, әскери және қоғамдық қызмет салаларында еңбек етеді. Отбасы құрамында бір академик, екі профессор және алты ғылым магистрі бар.

"Отбасының берекесі – бүкіл Шымкенттің берекесі. Балаларымыз бен немерелеріміз ғылым, медицина, спорт және өнер салаларында жетістіктерге жетіп келеді. Біз үшін үлкенге құрмет, еңбекке жауапкершілік және отбасы мүшелеріне деген өзара қолдау басты құндылық", – деді Сейдахмет Қожамжаров.

Қалалық кезеңде барлық 12 финалист отбасы марапатталды. Абай ауданынан Қонарбаевтар мен Мырзахметовтер, Әл-Фараби ауданынан Кендыбаевтар, Еңбекші ауданынан Юлдашевтер мен Ибишевтер, Қаратау ауданынан Оразымбетовтер, Дубаевтар және Шегебаевтар, Тұран ауданынан Нариковтар, Қылышбаевтар және Бексеитовтер қатысты. Финалистерге алғыс хаттар мен теледидарлар табысталды.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мерейлі отбасы" байқауы Қазақстанда 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Жоба отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және отбасы институтын қолдауға бағытталған.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Қожамжаровтар әулеті Шымкент қаласының атынан байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Ұлттық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 11 қыркүйекте Астанада өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау