USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Шымкентте "Нұрлы көшпен" салынған мыңға жуық үй қандастардың жекеменшігіне өтті

Олар бұған дейін баспананы 8 жылға жалға алған болатын.

2010-2011 жылдары "Нұрлы көш" пилоттық бағдарламасы арқылы Шымкент қаласының "Асар" шағынауданында 975 тұрғын үй салынған болатын. Бағдарламаның мақсаты – отандастарымызды атамекенге қайтару, сондықтан елге оралған қандастарымызға сатып алу құқығымен тұрғын үйлер бастапқыда 8 жылға жалға берілді, деп хабарлады Шымкент әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда бағдарлама арқасында жақын шет елдерден шымкент қаласына қоныс аударған 975 отбасының 927-і жалға алған үйін "Отбасы банк" арқылы ипотекалық несие негізінде рәсімдеуде. Отбасы банкінің талаптарына сәйкес несие уақытын өткерген соң қандастар тұрғын үйді жекеменшік иелікке рәсімдей алады.

"Қалған 48 отбасы тұрғын үйлерді Отбасы банкімен рәсімдеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу мақсатында қр еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне шымкент қалалық тұрғын үй басқармасы арқылы хат жолданған. Министрліктің жауабына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіледі", – делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Шымкент тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтылады




Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз