
Азаматтық ресурстық орталығында Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша дөңгелек үстел болды.
Жиынға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Серғазы Әбілхайыров, Шымкент қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков, "Серпіліс" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова, әлеуметтік жоба жеңімпаздары және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Серғазы Әбілқайыров биыл Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы кең көлемде аталып өткенін айтып, іс-шаралардың маңызына тоқталды.
"Мемлекеттік рәміздерді ұлықтай білуіміз керек. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – Тәуелсіздік құндылықтары, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру. Биылғы мерекеге орай әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы саны 5 мыңға жуық материал жарық көрді", – деді бөлім басшысы.
"Серпіліс" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетованың айтуынша, мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатындағы "Үздік пост", "Үздік бейнеролик" және "Үздік іс-шара" байқауы да жоғары деңгейде өткен. Биыл әлеуметтік жоба аясындағы байқауға журналистер, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, мектеп мұғалімдері белсене қатысты. "Үздік пост" номинациясы бойынша 46 адамның арасынан жеңімпаздар анықталған. Өзге өңірдің жастары да бақ сынапты. Үздік бейнероликтер Тәуелсіздік күніне дейін әлеуметтік желілерге қайтадан жүктелмек.
Іс-шара барысында байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды. №21 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Есбол Асылбеков 18 пост жариялап, "Үздік пост" номинациясында жеңімпаз атанған еді. Ол патриоттық іс-шараларды осы бағытта жүргізу қажеттігін айтты. Азаматтық альянс төрағасы Жұмағали Білісбеков мұндай іс-шаралардың ауқымын кеңейту бойынша ұсынысын жеткізді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🗓️Бүгін, 29 қыркүйек тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады
-
285
-
0
-
3
-
-
2🥉🇰🇿Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді
-
289
-
1
-
5
-
-
3📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
226
-
0
-
0
-
-
4🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
211
-
0
-
0
-
-
5🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
199
-
0
-
0
-
-
6🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
205
-
0
-
0
-
-
7🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
203
-
0
-
1
-