USD: 470.1 / 472.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Шымкентте мемлекеттік рәміздер күнінде көк туды әуелеткен авто және велошеру өтті

Шымкентте Рәміздер күнінің құрметіне бірнеше іс-шаралар өтіп жатыр.

Солардың бірі 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге қосыла шырқағанымен ерекшеленсе, бірінде авто және велошерумен жалғасып жатты.

Ал Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, көк Туды әуелетіп, егемендіктің басты белгілеріне құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Меркелік іс-шарада  патриоттық әндер орындалып, әскери оркестрдің музыканттары өнер көрсетті. Әсіресе,  ардагерлер бірге қосылып шырқаған  патриоттық әндер көпшілікті сүйсінтті. Мерекеге қатысқан әр шымкенттіктің  қолындағы көк жалаулары рухты көтерді.

Патриоттық іс-шара аясында Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін Мемлекеттік туды желбіреткен  50 авто мен 80 велошеру көшелермен жүріп өткені де қала тұрғындарына рух беріп, мерекелік күннің абыройын асқақтатты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз