Шымкент қаласында тұрғын көршілердің ортақ WhatsApp чатында өзіне және отбасына қатысты ар-намысына тиетін сөздер жазылғанын айтып, сотқа жүгінді, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың материалдарына сәйкес, чаттағы жазбаларда талап қоюшы мен оның отбасы туралы былапыт және қорлау сипатындағы сөздер қолданылған.
"Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келген. Талап қоюшы өз арызынан бас тартқанымен, жауапкерлер өз әрекеттерін мойындап, моральдық зиян ретінде өтемақы төлеуге келіскен. Келісім шартына сәйкес, әр жауапкер талап қоюшыға 150 мың теңгеден мамыр айының соңына дейін төлеуге міндеттелді", – делінген хабарламада.
Сот медиациялық келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Сондай-ақ талап қоюшы төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
USD:
460.3 / 463.1
EUR:
540.0 / 545.0
RUB:
5.95 / 6.07