USDUSD: 501.3 / 503.9
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Шымкентте концерт ұйымдастырған сауда үйінің басшысы айыппұл арқалады

Фото: Free-Photos from Pixabay
Фото: Free-Photos from Pixabay
Сауда орталығының алдында ине шаншар жер болмаған.

Шымкентте әншілердің мерекелік концертін ұйымдастырған сауда үйінің басшысы айыппұл арқалады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Себебі, тегін шараға келген жұрт жаға жыртысып, соңы төбелеске ұласқан. Оған қоса, иін тірескен халық бір-бірін таптап кете жаздаған. 

Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған концертке келген қауымның қарасы қалың. Тіпті, сауда орталығының алдында ине шаншар жер болмаған. Жастардың дені жас әнші Садраддин Болаттың келетінін естіп, осы алаңға ағылған. 

Бір-бірін итерген халық өнерпаздың әндерін қысылысып-қымтырылып тыңдаған. Тіпті, сөзге келіспеген екі қыз шаш жұлысып, шараның шырқын бұзған. Жанжалдасқан аруларды жиналған жұрт әрең ажыратқан. 

Бірақ полицияға ешкім шағым түсірмепті. Ал кәсіпкер концертті ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. 

Серіктестер жаңалықтары