Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар футбол командалары арасындағы жолдастық матч кезінде жанжал туындап, соңы төбелеске ұласты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Жанжал салдарынан екі ақтөбелік футболшы ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жақ сүйегі сынып, екіншісінің иегі жарақаттанды. Біріншісіне ота жасалады.
Полицияның мәліметінше, "Ордабасы" командасының капитаны жанжалдың бастамашысы болып, қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Бұзақылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.
USD:
491.5 / 494.3
EUR:
568.0 / 573.0
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…