USD: 475.3 / 478.1
  • EUR: 553.5 / 558.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Шымкентте денесі қоқыстан табылған әйелдің ісі сотта қарала бастады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тамыз айында Шымкенттегі қоқыс жәшігінен екі баласы бар әйелдің мәйіті табылған еді.

Шымкентте денесі қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваның ісі сотта қарала бастады. Алғашқы процессте прокурор қылмыстың жай-жапсарын баяндады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мемлекеттік айыптаушы Нұржігіт Ерментайдың айтуынша, жастағы келіншекті мектеп оқушысы пышақтап, мәйітін қорлаған. Кәмелетке толмаған сотталушы Анар өлген адамның мәйітін қорлап, қылмысты қасақана жасаған. Анар өзінің қылмыстық әрекетін әрі қарай жалғастырып, жәбірленуші Оңғарбаеваның астының шалбарының оң қалтасынан самсунг ұялы телефонын жымқырып жасаған қылмыстық іс-әрекетін жасыру мақсатында мәйітін қара түсті политэтилен пакетке орап тұрғын үй ауласында тұрған құрлыс арбасына салып, қоқыс жәшігінің жанына апарып тастаған.

Тергеу дерегінше, күдікке ілінген 11-сыныптың оқушысы жазғы демалыста қалаға ақша табуға келген. Сөйтіп құрылыс істеп жатқан баспанада жалғыз қалып, әлеуметтік желіден үй тазалаушыны іздеп табады. Сұмдықтың бәрі Диана Оңғарбаева жұмысын біткен соң басталыпты. Келіншек келіскен 15 мың теңгені сұрағанда айыпталушы оған пышақ сұғып, кейін жансыз денесін қорлаған дейді прокурор.

Еске салайық, тамыз айында Шымкенттегі қоқыс жәшігінен екі баласы бар әйелдің мәйіті табылған еді. 26 жастағы тұрғынның сүйегін қоқыс тазалайтын жұмысшылар байқаған. Жоғалған Диананың денесі сол аумақта 10 күн бойы жатқан. Марқұмның анасы тергеушілер іске немқұрайлы қарамағанда қызының денесі дер кезінде табылар еді деп отыр.

"Қасқасу баласы дегеннен кейін Қасқасудың бәрін іздедік. Таппадық. Сонда Қаратаудың құқық қорғау қызметкерлері іздедік деп іздемеген. Мен 28 тамызда арыз жаздым. Астанаға да жазған соң телефоны табылды. 31 тамызда қызымның денесі қоқыстан табылды. Сонда полиция іздемей қайда жүрді? Іздеп тапқанда бұлай болмайтын еді, қорланып өлмейтін еді ғой", – деді марқұмның анасы Қарлығаш Оғарбаева. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз