Тікелей эфир

Шымкентте басқарма басшысы сейсмикалық қауіпсіздікке бөлінген 120 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Ұрланған қаражат Түркістан облысындағы ауылда монша кешенін салу кезінде "жылыстатылған" деген болжам бар.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті. Алдын ала болжам бойынша 120 млн теңге көлемінде зиян келген", – деп жазылған хабарламада.

Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.


Оқи отырыңыз: Павлодар облысында балабақшаның бұрынғы директоры мен есепшісі 62 миллион теңге жымқырды деген айыппен сотталды


Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары