
Шара барысында мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ақынның шығармалары оқылды.
Шараға мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов және зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Қала басшысы бүгінде қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы А. Байтұрсынұлының атында көше, мектеп және ескерткіш бар екенін атап өтті. Сондай-ақ шаһарда өскелең жастардың бойына Алаш қайраткерлерінің рухын сіңіру үшін мақстаында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: "Қазақ даласына терең біліммен қатар, саяси еркіндік қажет екенін терең түсінген ұлт ұстазы мемлекетшіл қайраткерге, дербестік жолындағы күрескерге айналды. Алты алаштың қамы үшін Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов секілді ұлт зиялыларымен бірге, ол заманда шашыраңқы жүрген қазақ жұртының етек-жеңін жинап, “Қазақ” атауымен газет шығарып, ұлтты ұйыстыруға жұмылды. Ол замандағы қайраткерлердің қайсарлығы мен ұлтжандылығы бүгінгі ұрпаққа – бізге үлгі-өнеге. Өскелең жастардың бойына Алаш қайраткерлерінің рухын сіңіру үшін өткен жылы Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаштың жеті арысына арналған ескерткіш кешенін Орталық саябаққа орнаттық".
Биыл Шымкенттегі балабақша, мектеп, колледжер мен университеттерде Байтұрысынов-тануға арналған ашық сабақтар ұйымдастырылып жатыр. Өйткені, өз замандағы қайраткерлердің қайсарлығы мен ұлтжандылығы бүгінгі ұрпаққа – бізге үлгі-өнеге. Сондықтан, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі әрі бірегейі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын атап өуге Шымкенттіктер бір кісідей ат салысып жатыр.
Гүлмира Серікбаева, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музей директорының орынасары: "Биылғы жыл ұлт ұстазы, Алаштың асыл перзенті, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың 150 жылдығына байланысты түрлі іс-шаралар, еске алулар болып жатыр. Бұл арқылы біз Алаш ардақтылары алдындағы ұрпақ парызын өтей отырып, тарихқа тағы бір терең көз жүгіртеміз. Сол заманда болған зұлматты, қазақтың басынан өткен нәубетті және біздің бабаларымызды ұмытуға ешкімнің қақысы жоқ. Сол кезеңдегі жағдай қайталанбасын, оны тек музейден ғана келіп көріңіздер!"
Қалалық мәдениет басқармасы ұлы тұлғаның есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында өтетін мерекелік кештер алдағы уақытта да жалғасын табады дейді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
301
-
0
-
0
-
-
2💵 Атырау облысының білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары
-
307
-
0
-
0
-
-
3🚱 Астанадағы су мәселесі: Алматы ауданы әкімдігі хабарлама таратты
-
258
-
0
-
0
-
-
4🕋💵 Елордалық зейнеткер қажылыққа жинаған 16 млн теңгесін алаяққа беріп қойды
-
267
-
0
-
2
-
-
5🏛🚫 «Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор ақпаратқа жауап берді
-
260
-
0
-
0
-
-
6🥔 Елімізде 200 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймалар салынады
-
274
-
0
-
0
-
-
7🛣 "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды
-
287
-
0
-
4
-
-
8🧱"Қақпадан шыққанда қабірге тап боламыз". Алматы облысында тұрғындар мазарлардың үйге тым жақын орналасқанына наразы
-
283
-
0
-
0
-
-
9🛋 Елде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25% қымбаттады
-
282
-
0
-
1
-
-
10😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
260
-
0
-
2
-