USD: 470.5 / 473.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.75 / 5.87
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Шымкентте әскерге барудан бас тарқан жігіт үшінші қабаттан құлап, мүгедек болып қалды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үшінші қабаттан құлаған жігітке тағы ота жасалады.

Шымкентте үшінші қабаттан құлаған 23 жастағы Арман Хабибулланың анасы оқиғаға қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етті. Оның айтуынша, ұлы әскерге алып кетпек болған адамдардан қашпақ болып терезеден секірген. Ал полиция әзірге бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жанна Бәйдібекованың сөзінше, оқиға түнгі уақытта компьютерлік ойын клубында болған. Өздерін әскери комиссариаттан келген қызметкерлер ретінде таныстырған бірнеше адам құжаттарын тексеріп, оның ұлын өздерімен бірге алып кетпек болған.

Ол ұлының бұған келіспегенін, кейін үшінші қабаттың терезесінен құлағанын айтты.

Анасының айтуынша, Арман Хабибулла ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның бас сүйегі жарақаттанғанын, бірнеше қабырғасы мен қолы сынғанын анықтаған.

Жас жігіттің басына ота жасалған. Бірнеше күннен кейін есін жиғанымен, алдағы уақытта тағы бір операция жасалатыны айтылған. Анасының сөзінше, дәрігерлер оған мүгедектік рәсімдеу мәселесін де көтерген.

Жәбірленушінің анасы тергеудің баяу жүріп жатқанын айтып, жауапты қызметкерлердің бірнеше рет ауысқанын жеткізді. Оның айтуынша, куәгерлерден жауап алу жұмыстары да толық аяқталмаған.

Ол бұл іске Ішкі істер министрлігі араласып, оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға берілуі тиіс деп есептейді.

Материал жарияланған сәтте Шымкент қаласы полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдарының тергеу қорытындысы бойынша ғана болған жағдайға түпкілікті құқықтық баға беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау