USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шымкентте 40 жастағы әйелді жауыздықпен өлтірген азамат жазадан құтылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қанды қылмыс жасаған күдікті психикалық ауруға шалдыққан болып шықты.

Шымкент қаласында 40 жастағы әйелді аса қатыгездікпен өлтірген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сот мәліметінше, күдікті Нұрнияз Сарқұлов қылмыс жасау кезінде психикалық дертке шалдыққан болған.

Бақытжан Туналиевтің айтуынша, сот-психиатриялық сараптама барысында Сарқұловтың шизофренияның параноидтық түрімен ауыратыны анықталған.

"Сарқұлов қылмыс жасау барысында шизофренияның параноидтық түріндегі психикалық ауыр жағдайда болған. Психикалық жағдайына байланысты ол тергеу мен сот алдында жауап бере алмайды. Сондықтан оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу тағайындалды", – деді судья.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға биыл 28 қаңтарда Шымкентте болған.

Тергеу дерегіне сәйкес, төсекке таңылған анасына дәрі алуға шыққан әйелге көшеде белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Күдікті әйелдің тамағын пышақпен кесіп, кеуде тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Кейін ол оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне де қарсылық көрсетіп, пышақпен шабуылдамақ болған. Тәртіп сақшылары қару қолданып, күдіктіні ұстаған.

Белгілі болғандай, Ақтөбе облысының тұрғыны бұған дейін екі рет сотталған. Ал 2022 жылы оған шизофрения диагнозы қойылған. Марқұмның артында екі баласы қалды. Қара жамылған отбасы сот шешіміне қарсылық білдірмеген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз