USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 551.0 / 556.0
  • RUB: 6.15 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқандар 3 жылға сотталды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды күштеп алып қашып, некеге тұруға мәжбүрлемек болды деп айыпталған үш адамға сот үкімі шықты.

Сот мәліметінше, айыпталушылар тағы бір іздеуде жүрген адаммен алдын ала сөз байласып, 17 жастағы колледж студентін күштеп көлікке отырғызып, Сарыағаш ауданындағы үйге апарған. Онда қызды тұрмысқа шығуға көндіруге тырысқан.

Жәбірленуші кейін қашып шығып, анасына оралған. Осыдан кейін Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы ("Некеге тұруға мәжбүрлеу") бойынша іс қозғалды.

Сот айыпталушылардың кінәсі сараптама қорытындылары, заттай дәлелдер мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденгенін мәлімдеді. Істі қараған судья Айнел Орақбаева жәбірленушінің айыпталушылардың бірімен таныс болғанын және оқиға күні онымен кездесуге өз еркімен барғанын атап өтті.

"Жәбірленуші көлікке өз еркімен отырған. Бірақ ол кездесуге жастар арасындағы кәдімгі жүздесу ретінде барған. "Алып қашуға" келісім бермеген", – деді судья.

Мемлекеттік айыптаушы әр сотталушыға үш жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Жәбірленуші тарап бұл ұстанымды қолдады. Ал айыпталушылар кінәларын мойындамай, ақтау үкімін шығаруды талап еткен.

Нәтижесінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты үш айыпталушыны кінәлі деп танып, әрқайсысын үш жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұл оқиға биыл қаңтарда қоғамда кеңінен талқыланған болатын. 17 жастағы колледж студенті әлеуметтік желіде 2025 жылдың қарашасында өзін төрт ер адам күштеп көлікке отырғызып, Сарыағаш ауданындағы ауылға алып кеткенін мәлімдеген. Оның айтуынша, жігіттің туыстары қызды тұрмысқа шығуға көндіріп, өз еркімен келгені туралы қолхат жазуға мәжбүрлеген. Кейін бойжеткен қашып шығып, анасына оралған соң полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз