Тікелей эфир

Шымкентің Абай ауданында 14 ойын алаңшасы салынып жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды.

Мұнда Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты. Мердігер мекеме "Ынтымақ Бес Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Қала әкімі мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді. 

Одан бөлек, Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылып жатыр. 

Айта кетейік, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыл 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Серіктестер жаңалықтары