
Шымкент қаласындағы "Тәуелсіздік" саябағында қала жастары "Мен елімді сүйемін" акциясын өткізді.
Республикалық челлендж аясындағы акцияға ЖОО студенттері, белсенді жастар қатысты.
Акция Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру, саяси шешімдерін қолдау, жастар арасында насихаттауды мақсат еткен. Жиналған жастар еліміздің жалаушаларын қала тұрғындарына, қонақтарына таратып, викториналық сұрақтар қойды.
– Еліміздің жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы тиіс. Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!, – деді орталық басшысы Мағжан Исахов.
Қалалық Жастар ресурстық орталығы Жолдауды жүзеге асыруда ЖОО студенттеріне арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісуде.
#ЕлімніңЕртеңінеСенемін
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1‼️ Астананың бас имамы: Ұлттық жәдігерлерді харам деу – баянсыз бәтуа
-
350
-
0
-
7
-
-
2⚡️Алматыда Көктөбе саябағына апаратын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды
-
200
-
0
-
1
-
-
3🏅 Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты
-
170
-
0
-
2
-
-
4✈️ Қазақстандықтарды қажылыққа апару бойынша әуе компаниялары арасында байқау жарияланды
-
67
-
0
-
0
-
-
5🏅Астаналық ардагер спортшы алты рет әлем чемпионы атанды
-
38
-
0
-
1
-