Тікелей эфир

Шымкент жастары дендробақты көгалдандыру жұмыстарына қатысты

Акцияға қатысушыларға ыстық бауырсақ таратылып, қариялар бата берді.

#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы аясында Абай және Қаратау ауданының тұрғындары, А.Асқаров атындағы дендробақ директорының орынбасары Е.Төрехан, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Романова, Жастар ресурстық орталығының жастары А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағы мен "Қасірет" мемориалы аумағын қоқыстан тазарту, көгалдандыру жұмысына қатысты.  

Оларға Абай ауданына қарасты Қызылжар шағынауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бастархан Байжанов бата берді. 

"Тазалық өзімізден, қоршаған ортаға деген көзқарасымыздан, тұратын, жұмыс істейтін, білім алатын жерден басталады. Ал, оның барлығы өскелең ұрпақтың бойына отбасындағы тәрбиемен келетін қасиет. Асанбай Асқаров атындағы дендробақта бүгін Абай ауданының тұрғындары, жастары жиналып, көктемгі шаруаларға атсалысып жатқаны қуантады. Игі іс әрдайым жалғасын тауып, қаламыз көркейе түссін", – деді ол. 

Акцияға қатысушылары шараға ерекше көңіл күймен қатысып, белсенділік танытты. Ораза айт мерекесіне орай барлық қатысушыларға бауырсақ үлестірілді. 

"Бүгінгі тазалық шарасына 2 мыңға жуық адам, 23 техника жұмылдырылған. Таңғы сағат 8-ден бастап тұрғындар Абай ауданына қарасты 4 локацияда жұмыс істеді. Акция барысында, 14867 шаршы метр көше бойы, 10,1 шақырым аяқ жол тазартылды. Сонымен қатар, 12300 түп ағаш діңі әктеліп, санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді. Қазірге дейін 120 текше метр қоқыс шығарылды", – деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары