Tolem электронды төлем жүйесі 1 мамырдан бастап Шымкент оқушылары қоғамдық көлікпен тегін жүре алатынын хабарлады.
"Жақында оқушы картасы жолақысы тегін болады. Бұл мектеп оқушылары картаны тіркеу үшін валидаторға міндетті түрде қою қажет, бірақ картадан ақшаны шешілмейді. Бұл өзгерістер 1 мамырдан бастап күшіне енеді", – делінген компанияның хабарламасында.
Сонымен қатар, Ашық НҚА порталында Шымкент тұрғындарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікпен тегін не жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін қала әкімінің қаулысы мен қала мәслихатының шешімінің жобасы жарияланды. Бұл тізімде мектеп оқушылары да аталған.
Оқушылардан бөлек, келесі тұрғындар санатына қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығы жеңілдіктер беріледі:
- ҰОС ардагерлері;
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар;
- "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар;
- ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
- 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
- ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- І топтағы мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдар;
- көру қабілеттігі бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- көру қабілеттігі бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдарды сүйемелдеушілер;
- 70 жастан асқан зейнеткерлер;
- жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
- "Шымкент қаласының құрметті азаматы" атағы бар адамдар.
Сондай-ақ, колледж бен ЖОО студенттері үшін қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы 50 теңге болады.
Құжат жобасында бірлескен қаулы мен шешімі олрадың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні жазылған.
Оқи отырыңыз: Астанада қоғамдық көлікпен жүру ақысы өседі