Қалада қосымша тағы үш үлкен саябақ салынады.
Шымкент қаласында алдағы 4 жыл ішінде 6,5 миллион ағаш егіледі. Сонымен қатар, "Жасыл аймақ" бағдарламасы аясында кемінде 13 мың гектар жер көгалдандырылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады.
"Заңға сәйкес әр кесілген ағаштың орнына 10 ағаштан отырғызылуы тиіс. Ал бізде биыл қалада жолайырықтың салынуына байланысты көп ағаш кесілді. Сондай-ақ, қурап қалған ағаштарды кесуге мәжбүр болдық. Жалпы 2025 жылға дейін 6,5 миллион ағаш егуді көздеп отырмыз", – деді Мұрат Әйтенов.
Әрі қарай әкім қаланы көгалдандырудан бөлек, саябақтар санын көбейту мәселесінің қолға алынғанын айтты.
"Қалада қосымша тағы үш үлкен саябақ саламыз. Біріншісінің аумағы – 40 гектар, екіншісінікі – 32 гектар, тағы үшіншісінікі – 12 гектар. 2025 жылға дейін "Жасыл аймақ" бойынша кемінде 13 мың гектарға ағаш отырғызамыз. Бүгінгі күні 8 мың гектарға ектік", – деп қосты қала әкімі.
Оқи отырыңыз: Шымкентте Шәмші Қалдаяқов тұрған үйде кітапхана ашылды
Мұнымен қатар, Мұрат Әйтенов модернизациядан өткен мұнай зауытынан шығатын жағымсыз иістен арылу мәселесінің қалай шешіліп жатқанына тоқталды. Бұған дейін қала тұрғындары жағымсыз иіске, ал экологтар ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың мөлшерін көрсететін тәуелсіз станцияның жоқ екенін айтып шағымданған болатын.
"Бір заң бұзушылардың кәрізге май төгіп кеткені белгілі болды. Оны кім жасағанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, қазір бұл бағытта іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Индустриялық аймақ басшыларына осы мәселеге көңіл бөлмегені үшін айыппұл салдық. Сондай-ақ, кәріз маңына арнайы бейнебақылау камерасын орнаттық. Жалпы қаланы ластайтын 4 ірі зауытымыз бар", – деді Мұрат Әйтенов.
Бұдан өзге әкім жыл сайын жаңа құралдарды пайдалану арқылы зиян келтіру мөлшерін түсіріп жатқанын мәлімдеді. 2019 жылы 36 мың тонна болса, биыл 29 мыңға дейін түскен. Жалпы 2025 жылға дейін тағы 25% түседі, деп уәде берді әкім.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
419
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
399
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
385
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
379
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
368
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
368
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
358
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
374
-
4
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
355
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
332
-
0
-
2
-