USD: 471.3 / 474.1
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 6.25 / 6.37
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Шымкент әкімдігі қоғамдық орындарда шу шығаруды әдетке айналдырған тұрғынға қатысты түсініктеме берді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұл тұрғын әкімдікке қайта-қайта келіп, мәселесін диалогпен емес, айқаймен шешкісі келеді.

Шымкент әкімдігі соңғы уақытта халық көп жиналған орындарда әдейі шу шығарып, қоғамдық резонанс тудыруды әдетке айналдырған Ұлжан есімді тұрғынға қатысты түсініктеме берді.

Бұл тұрғын сырт көзге бәріне әкімдікті кінәлі етіп көрсетуді қалайды. Тіпті өзін өртеймін деп те мәлімдеген болатын.

"Алайда, бұл әйел көтеріп жүрген мәселе – қоғамдық емес, жеке мәселе. Соған қарамастан ол адамдарды айқайға, жанжалға, истерикаға итермелеп, барлығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығарып отырады. Өзгелерді әдейі камераға түсіріп, мемлекеттік мекемелерді жағымсыз етіп көрсетуге тырысады. Ал шын мәнінде бұл тұрғын не талап етіп жүр? Талап ететіні – тек атаулы әлеуметтік көмек пен кезексіз үй алу. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тек заң талаптарына сәйкес беріледі. Ал бұл тұрғынға әлеуметтік көмек тағайындауға негіз жоқ. Сондықтан бас тартылған. Осыдан кейін ол әкімдік қызметкерлерінің кабинеттеріне дейін кіріп, негізсіз жанжал шығара бастаған", – делінген түсініктемеде. 

Қала әкімдігі оған бірнеше рет жұмыс ұсынған. Тіпті, айлығы 350 мың теңгеге дейін жететін жұмыс та берілген. Бірақ, тұрғын: "Маған 400–500 мың теңге жалақы болмаса, жұмыс істемеймін", – деп ұсыныстардан бас тартқан. 

Бүгінге дейін оған жалпы саны 40-қа жуық мекемеден 70 бос жұмыс орны ұсынылған. Дегенмен, ол бәрінен бас тартып, тек атаулы әлеуметтік көмек талап етуді жалғастырып келеді.

Белгілі болғандай, мемлекет бұл азаматқа жылдар бойы көмек көрсетіп келген. Соңғы 6 жыл ішінде оған әлеуметтік төлемдер, қаржылай көмек, тіпті демеушілер тарапынан да түрлі қолдау беріліп келген. Алайда соңғы жылдары заң талаптарына сәйкес бұл көмектер тоқтатылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз