Облыстық көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы әкімдігінің қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығымен бірлесіп жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Аталған орталықта бірде-бір құжаты жоқ 49 жастағы ер адам бар. Туғаннан бастап Риддер қаласында тұрып, Өскемен арнайы мектебінде білім алған. 1980 жылдардан бастап еш жерде жұмыс істемей, ата-анасымен бірге тұрған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін ол жалдамалы пәтерлерде тұра бастаған. Қолындағы жалғыз құжат 1974 жылғы КСРО төлқұжаты еді, бірақ ол оны әлдеқашан жоғалтып алған.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған туу туралы куәлікті қалпына келтіріп, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ер адам көптен күткен құжатты алды және енді ресми түрде жұмысқа тұра алады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың жеке дерегі арнайы сайтта қолжетімді болмақ