Уәкілдің негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету.
Светлана Жақыпова халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Ххалықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", – деп жазылған өкімде.
Светлана Жақыпова 2017 жылдан бастап 2019 жылдың қыркүйегіне дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, оған дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жобалық кеңсесінің бағдарламалар менеджері қызметін атқарған.
Уәкілдің негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету. Оларға:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
- жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттерде тұратын соғыс ардагерлері;
- мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балалары бар отбасылар;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
- жасы бойынша зейнеткерлер;
- қандастар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар кіреді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
255
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
250
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
254
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
252
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
245
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
245
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
244
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
238
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
223
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
220
-
1
-
5
-