Тікелей эфир

Шүкенов, Қашаубаев және Оңғарсынова. Қосшы қаласындағы көшелерге қазақтың көрнекті тұлғаларының есімі беріледі

Құрамдас бөліктерге атаулар Ақмола облыстық мәслихатының шешімі негізінде қабылданып отыр.

Қаулы жобасы 22 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Ақмола облысы әкімінің қаулысында Үкіметтің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2023 жылғы маусым айындағы қорытындысы негізінде және Қосшы қаласы халқының пікірі ескеріле отырып, Қосшы қаласының құрамдас бөліктеріне атаулар берілетіндігі жазылған. Құрамдас бөліктерге атаулар Ақмола облыстық мәслихатының шешімі негізінде қабылданып отыр.

Сонымен аталған құжатқа сәйкес, 20 шағын аудан бойынша:

№1 көшеге – Батырхан Шүкенов

№2 көшеге – Жәнібек Кәрменов

№5 көшеге – Нұрғиса Тілендиев

№6 көшеге – Әміре Қашаубаев

№7 көшеге – Роза Бағланова

19 шағын аудан бойынша:

№1 көшеге – Мұстафа өз Түрік

№4 көшеге – Шоқыр Бөлтеков

№5 көшеге – Нұрсұлу Тапалова

№6 көшеге – Асқар Сүлейменов

№7 көшеге – Қошке Кемеңгерұлы

№8 көшеге – Герольд Бельгер

№9 көшеге – Жұмекен Нәжімеденов

№10 көшеге – Әбіш Кекілбаев

№11 көшеге – Төлеген Айбергенов

№12 көшеге – Тұрсынбек Кәкішев

№13 көшеге – Ақселеу Сейдімбек

№14 көшеге – Ақыт Үлімжіұлы

№16 көшеге – Ахмет Бірімжанов

№17 көшеге – Жаһанша Досмұхамедұлы

№18 көшеге – Сағадат Нұрмағанбетов

№20 көшеге – Нұртас Оңдасынов

016 орам бойынша

№1 көшеге – Фариза Оңғарсынова аты берілмек.


Оқи отырыңыз: Ақмола облысының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала мәртебесін алды.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары